Украина тағы бір маңызды ойыншысынан айырылды

31.03.2021, 17:33
Бұған дейін Цыганков пен Ярмоленконың бұл матчқа қатыспайтыны белгілі болған еді.
Украина тағы бір маңызды ойыншысынан айырылды

31 жастағы Украина ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Евгений Коноплянка 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстанға қарсы өтетін матчқа қатыса алмайды, деп хабарлайды Украина футбол қауымдастығы.

Футболшы жаттығу кезінде жарақат алған екен. Бұл туралы команданың бас бапкері Андрей Шевченко ойын алдындағы баспасөз мәслихатында айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те Украина өз алаңында Қазақстан құрамасын қабылдайды. Ойын «QAZSPORT» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×