Уго Льорис: «Қазақстанмен болатын ойында жеңіске жетуге міндеттіміз»

25.03.2021, 20:20
Уго Льорис: «Қазақстанмен болатын ойында жеңіске жетуге міндеттіміз»

Франция ұлттық құрамасының капитаны Уго Льорис Украинамен (1:1) болған матчты қорытындылап, Қазақстанмен болатын кездесу туралы пікір білдірді.

- Екінші голды соғу үшін бізге ойынның соңғы 30 минутында көп жұмыс істеу керек болды. Матчтың осы бөлігінде бізге жылдамдық жетіспеді. Есеп 2:0 болған кезде біз үзіліске еш қиналмай кете алатын едік. Біз шабуылда керемет ойнадық, батылдық көрсетіп, керек кезде тәуекелге бел будық, тағы да қайталаймын, біз Украина қақпасына екінші голды еш қиындықсыз соғатын едік. Өкінішке орай, бәрі басқаша болды.

Екінші таймда біз нашар ойнадық. Украина құрамасы, әрине, біздің қақпамызға гол соғып кетті, біз қарсыласымызға жақсы қорғаныс пен көрсеткен ойыны үшін құрмет көрсетуіміз керек. Шабуылда әрекет жасау бізге қиын болды, сондықтан гол соғатын нақты мүмкіндіктер де аз болған шығар.

Енді біз Қазақстанмен болатын ойында жеңіске жетуге міндеттіміз. Бірақ қазіргі уақытта біздің командада ешқандай да алаңдаушылық жоқ - тек жеңілістен көңіліміз қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×