Уэлбек "Арсеналға" керек емес

31.07.2018, 18:31
Уэлбек "Арсеналға" керек емес
"Арсеналдың" бас бапкері Унаи Эмери Данни Уэлбекті лондондық клуб қатарында қажетсінбейді. Британ БАҚ-ның хабарлауынша, лондондық клубтың бас бапкері шын мәнінде шабуылшы ретінде Александр Ляказет пен Пьер-Эмерик Обамеянгты қарастырады. Сондықтан да ағылшындық шабуылшы жақын арада клуб қатарынан сатылымға қойылады. "Арсенал" шабуылшысын сатып көп ақша да жасай алмайтын сияқты. Себебі, Уэлбектің зеңбірекшілермен келісімінің мерзімі келесі жылы аяқталады екен. Алайда, "Эвертон" Уэлбек үшін 15-20 миллион фунт төлеуге дайын көрінеді.   Данни Уэлбек "Арсенал" сапында өткізген төрт маусымда 15 гол салған екен.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×