УЕФА Суперкубогының матчы өтпей қалуы мүмкін

29.08.2020, 16:08
Матч өтетін орынды ауыстыруы мүмкін
УЕФА Суперкубогының матчы өтпей қалуы мүмкін

УЕФА Суперкубогы үшін Германияның «Бавария» мен Испанияның «Севильясы» арасындағы кездесудің өтпей қалу қаупі бар, деп жазады The Times.

Еске салайық, ойын Венгрия астанасы - Будапештте 24 қыркүйекте өтеді. Дереккөздің хабарлауынша, Венгрия коронавирустық инфекцияның қарқынды таралуына байланысты 1 қыркүйек, сейсенбі күні барлық шетелдіктер үшін шекараны жабу туралы шешім қабылдады. Осылайша, УЕФА Суперкубогы матчын өткізу туралы мәселе туындап отыр.

Бастапқыда матч 12 тамызда Портуда, "Драгау" стадионында өтуі керек еді, бірақ Португалия Чемпиондар Лигасының "Сегіздік финалын" қабылдағандықтан, кездесуді Будапештке ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×