УЕФА - "Манчестер Ситиді" еуробәсекелерден шеттеткісі келеді. Неге?

14.05.2019, 19:37
УЕФА - "Манчестер Ситиді" еуробәсекелерден шеттеткісі келеді. Неге?
Қатарынан екі рет чемпион болғаны үшін емес екен. Мәселе тереңде жатқанға ұқсайды. Айтпақшы, бұндай жағдай біздің "Астананың" да басынан өткен.  УЕФА-ның клубтардың қаржылық жағдайын бақылау палатасы "Манчестер Сити" клубын кем дегенде бір жыл еуро додалардан шеттетуге ниетті. Бұған дейін наурыз айында УЕФА-ның fair play палатасы "Ман Ситидің" қаржылық есебі дұрыс емес деп, зерттеу жүргізетінін хабарлаған еді. Ал енді адағы аптада палата зерттеу қорытындыларын арбитражды сотқа табыстамақ. Сенімді ақпарат көдерінің мәліметінше, "Сити" өткен жылғы қаржылық кіріс пен шығыс және лицензия құқығы мен демеушілерден келетін қаржыны бұрмалағаны әшкере болып қалған. Әзірге жазалау шарасы қашан және қай уақыт аралығында болатыны белгісіз. 2018 жылдың күзінде қазіргі УЕФА-ның бас хатшысы Джано Инфантиноның "Манчестер Сити" және "ПСЖ" клубтарының өкілдерімен сол кезде туындаған fair play мәселесін шешу мақсатында жасырын кездескені туралы Германияның "Spiegel" басылымы хабарлаған еді. Ол кезде екі клубқа да Чемпиондар лигасынан аластату қаупі төнген-ді. Естеріңізге сала кетейік, "Манчестер Сити" мен "ПСЖ" клубтары 2014 жылдың көктемінде УЕФА-ның  қаржылық fair play ережесін бұзғаны үшін 60 млн еуродан төлеген болатын.

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×