Тьяго Силва жақын күндері «Челси» ойыншысы атанады

24.08.2020, 19:27
Париждік клубта сегіз жыл ойнаған екен.
Тьяго Силва жақын күндері «Челси» ойыншысы атанады

«Пари Сен-Жермен» қорғаушысы Тьяго Силва мансабын Премьер-лигада жалғастырады, деп хабарлайды The Guardian.

Дереккөздің хабарлауынша, «Челси» 35 жастағы бразилиялық футболшының қызметіне қызығушылық танытып отыр. Тараптар Силваны еркін агент ретінде алу туралы келіссөздер жүргізуде. Келіссөздер сәтті аяқталды. Силва Лондондық клубпен екі жылдық келісімшартқа отырады. Жақын күндері бұл ауысым ресми түрде жарияланады

Естеріңізге сала кетейік, Силва Париждік клуб сапында «Баварияға» қарсы матчта соңғы ойынын өткізді. Бұған дейін Силваға «Фиорентина» мен «Эвертон» қызығушылық танытқаны туралы хабарланған болатын.

Силва "Пари Сен-Жерменге" "Миланнан" 2012 жылдың шілдесінде қосылды. Бразилиялық футболшының трансферлік құны 42 миллион еуроны құрады. 2019/2020 маусымда Силва Франция чемпионатының 21 матчына қатысты, бірақ тиімді әрекеттерімен көзге түскен жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×