Твумаси Ла Лигадағы алғашқы матчын "Ноу Кампте" өткізуі мүмкін

24.07.2018, 23:12
Твумаси Ла Лигадағы алғашқы матчын "Ноу Кампте" өткізуі мүмкін
Патрик Твумаси Испания Примерасындағы алғашқы ойынын "Барселонаға" қарсы өткізуі мүмкін. Ла Лиганың келесі маусымының күнтізбесі жария болды. Күнтізбе бойынша "Барселона" мен "Реал" арасындағы супер кездесулер чемпионаттың 10-шы турында "Ноу Кампте" (28 қазан)  және 28-шы турында "Сантьяго Бернабеуде" (3 наурыз) өтеді. Испания чемпионы "Барселона" алғашқы кездесуін "Ноу Кампте" Твумасидің жаңа клубы болуыықтимал "Алавеске" қарсы, "Атлетико" қонақта "Валенсиямен", ал "Реал" өз алаңында "Хетафені" қабылдайды. Естеріңізге сала кетейік, соңғы уақытта БАҚ "Астананың" шабуылшысы Патрик Твумасиді "Алавес" сапына ауысады, - деген ақпаратты белсенді жариялап жатыр.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×