Түзде Бельгиядан оңбай ұтылдық

09.06.2019, 08:08
Түзде Бельгиядан оңбай ұтылдық
Бельгия - Қазақстан 3:0. Гол авторлары: Д. Мертенс, 11 мин, Т. Кастань, 14 мин, Р. Лукаку, 50 мин. "Руа Бодуэн" стадионы. Брюссель. Төреші ысқырығы шалынысымен алаң иелері шабуылға лап қойды. Барған сайын қарқынын күшейтіп бас-аяғы 4 минутта матч тағдырын түбегейлі өзгертті.  Əуелі оң қапталдан жерлете берген пасқа бірінші жеткен Дрис Ментенстің соққысына қос қорғаушымыздың жата-жастана тосқауыл болғанына қарамастан доп қақпа торында тулады. Ал араға небəрі 3 минут салып енді сол қапталдан Мертенс əуелете берген допты бельгиялық қорғаушы Тимоти Кастань баспен қақпаға сүңгіте салды. Бельгия құрамасының ойын басындағы қарқынына шыдас бере алмадық. Тағы бір айта кетерлігі, матчтың бірінші бөлінінде Бельгия футболшылары біздің қақпамызды 8 рет дəл көздесе, Билек шəкірттері бірде-бір рет Куртуа қолына доп жеткізе алмапты. Ал қақпамызға соңғы голды екінші таймда Ромелу Лукаку салды. Бұл жерде де Мертенстің тікелей қатысы бар. Айып алаңында пас алған шабуылшы допты алыс  бұрышқа шиіре тепкен-ді. Алайда, бағанаға тиіп сепрілген допты Лукаку бос қақпаға тебе салды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×