Еуропа Лигасы 2-ші кезең аясындағы "Пюникке" қарсы ойын туралы ойымен матч алдындағы баспасөз жиынында "Тобылдың" ойыншысы Бауыржан Тұрысбек бөлісті.
- Мен үнемі Еуропа Лигасында әлсіз командалар болмайтынын айтатынмын. Екінші кезеңде Еуропа Лигасында бұған дейін өнер көрсеткен, қауіпті әрі тәжірибелі қарсыластар болады. Біз толыққанды дайындық жүргізіп жатырмыз. Біз бұл толық матчқа дайынбыз, жақсы ойын көрсетіп, оң нәтижеге жетерімізге үміттіміз,-деп атап өтті шабуылшы.