Түркістан қаласында "Яссы" деген атаумен жаңа клуб құрылмақ, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Дереккөздің мәліметінше, "Яссы" алдағы маусымнан бастап Екінші лигада Шайзидин Кенжебаевтың басшылығымен өнер көрсетеді. Маман өз командасын тәжірибелі қазақстандық ойыншылармен жасақтамақ.
Бұған дейін Түркістан облысындағы "Темірлан" атты команда өз жұмысын тоқтатқан еді. Аталған команда 2020 жылдың басында жасақталған. Клуб Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан деп аталатын ауылдың атынан өнер көрсетті. Өткен жылы команда Екінші лигада тәжірибелі маман Шайзидин Кенжебаевтың басшылығымен дебют жасап, өз тобында екінші орынға ие болған еді.
Біздің серіктес: FONBET