![Түркия чемпионатында не жағдай болып жатыр? Айымбетовтің клубы Суперлигаға қарсы шықты](https://aladop.kz./cache/imagine/1200/uploads/post_items/2025/02/10/67a9eb772ebda222165942.jpg)
Абат Айымбетов ойнайтын «Адана Демирспор» Түркия Суперлигасындағы дауға байланысты үлкен мәлімдеме жасады.
Айта кетейік, 23-тур аясында басталған «Галатасарай» - «Адана Демирспор» кездесуінің 11-минутында қонақтар қақпасына пенальти белгіленген болатын. Осы оқиғаға наразылық білдірген аданалық ойыншылар 30-минутта алаңды тастап кеткен еді.
«Бүгін болған жағдай тек «Адана Демирспордың» мәселесі емес, ол бүкіл Түркия футболының қандай тығырыққа тірелгенінің айқын дәлелі. Осындай бейберекет шешімдер спорттық бәсекелестік пен футболдағы адал күреске үлкен зиянын тигізеді.
Біз бүкіл қоғам алдында әділетсіздік пен заңсыздықтың, жүйелі түрдегі қателіктерге мойынсұнбайтындығымызды мәлімдейміз. Біз қабылдаған шешім барлық әділетсіздіктердің жолын қиятын жағдайға себеп болса дейміз. Біздің клубымыз бен қауымдастығымызға кесілетін кез-келген айыпқа дайынбыз, алайда, Түркия футболында салтанат құрған жасыл алаңдағы бұрынғыдай әділеттілік ұстанымдары қайтып оралса деп тілейміз», - делінген клубтың Х әлеуметтік желісінде.
Қазақстандық шабуылшы бұл бәсекені негізгі құрамда бастаған. Жалпы, отандасымыз «Адана Демирспор» сапында осы маусымда 16 ойынға қатысып, 4 гол салған. Аданалық клубтың өзі 5 ұпаймен турнирлік кестеде соңғы сатыға орналасса, «Галатасарай» 57 ұпаймен көш бастап тұр.
Біздің серіктес: FONBET