Тұрақтылығы пайда болған «Тараз»

ҚПЛ 12-туры артта қалды. Тартысты ойынымен көзге түскен «Тараз» жүлделі үштікті түйіндеп отыр.
Тұрақтылығы пайда болған «Тараз»

Аз ғана уақыт аралығында мығым үштіктің дәрежесіндегі командаға айналған «Тараздың» аяқ алысы жаман емес. 1996 жылғы чемпиондық маусымды қайталағысы келетін оңтүстік ұжымның қамал алатындай қайраты баршылық. Оған күмән да жоқ.

Бабы мен бағы қатар шапқан мықты футболшылар, білгенің айтуға асығатын білікті бапкер чемпиондыққа баратын төте жолды нұсқап алғандай. Төте жолдың төңірегінде қиындыққа толы екенін бізден жақсы түсінген «Тараз» тосыннан келген толқуларға қарсы тұрды. Сүрінгеннен сабақ алып, өзін қайрап отырды. Өз аланыңдa өткізген әр ойында жеңіске жеткен жігерлі ұжым жанкүйерлерінің қабақжытуына мүмкіндік бермеді. Оған дәлел: 5 ойында, 4 жеңіс. 1 ғана жеңіліс бар. Бірақ, оның өзі басты жерге изер жеңіліс деп айтуға келмес. Мұнайлы өлкенің ұжымымен тең тарқасуға шамасы болған «Таразға» соңғы сәтте сәттілік жолдас болмады. Қорытынды есеп 1:0 Атырау пайдасына осыны айта кетейік.

«Көк-ақтардың» келесі турлардағы қарсыластары оңай шағылар жаңғақ емес. Оның бірі ортада орныққан «Ордабасы». Шымкенттік клуб «Тараз» секілді өз аланыңда жақсы өнер көрсетеді. Оңтүстік дербиге теңелген ойында көк-ақтардың жеңіске жетуі қиынға соқпақ. «Каспиймен» өткен соңғы матчта Бауыржан Байтана мен Елдос Ахметов аланнаң қуылғаның естідік, көрдік, білдік. Көшбасшыларын маңызды кездесу алдында жоғалтқан Мазбаев жаңа тактика әзірлегені абзал. Бір қуантарлығы команда сұрмергені Абылайхан Жұмабек ойынға алғашқы минуттардан бастап шығады. Жарақатынан айыққан Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Мазбаевтың үкілі үмітін ақтайды деген сенім мол. Оңтүстік дербиді сіздер 19 маусым күні тамашалай аласыздар. 14-турдағы қарсылас өз-өзіне ұқсамай жүрген «Қайрат». Ойыны жақсыны қалап тұрған алматылық ұжым «Таразбен» тең ойнаған өз аланыңда. Cоңғы кездері оңтүстік команда «Қайратқа» ыңғайсыз қарсылас атанып жүр. Бірде тең ойнай салады, тісі батса жеңе салады. Бұл ойын жеңімпазы «Тараз» болады. Cырт алаң сергелденіңе түсіп жүрген алматылық команданың қонақта жеңіске жетуі бір мұң қазірде. Сондықтан да Әулие-Ата ұжымы 3 ұпайды еш қиындықсыз олжалайды. Келесі қарсылас «Атырау». Ия, ия «Таразды» осы маусымда өз аланыңда жеңген жалғыз команда. Бұл ойын тағдыры Әулие-Ата ұжымының пайдасына шешілетін секілді. Алдыңғы ойындағы нәтижеге көңілі толмаған Мазбаев жігіттерін алға деп аттандырмасқа амалы жоқ. Жанкүйер алдындағы жеңіліс ұят сезімі жүйкені қоздырмай өтпейтіні белгілі. Турнирлік кестедегі жағдайда тең есепті есе тұтпайды.

Қорытындылай келсек, «Тараздың» жүлделі орнын сақтап қалуы қиынға соқпайтын секілді. Ойыны тұрақталған оңтүстік ұжым «Ордабасыны» да, «Қайратты» да, турнирлік кестедегі қарсыласы «Атырауды» да жеңеді. Жеңіс «Тараздыкі» деп есептесек, 3 ойында да ірі есеп тіркелмейді. Әулие-Ата ұжымы толастаған голдардан бұрын нәтижені ойлайды. 1 гол айырмашылығымен ұтқан ойында «көк-ақтардың» көкірегін теспейді. Бастысы жеңіске жету.

Көбеев Мұхаммедқали

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Aladop Youtube
×