Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Премьер-лиганың төртінші турынан кейін "Тұранның" бас бапкері Абдухалык Бөрібаев қызметінен кетуі мүмкін.
Түркістан облысының басшылығы ҚПЛ-дағы команданың қазіргі нәтижелеріне риза емес. Алматылық "Қайраттан" жеңілген жағдайда Бөрібаев қызметінен босатылады. Басшылық жаттықтырушы қызметіне үміткерлердің бірімен келіссөздер жүргізіп үлгерді.
Төртінші турдан кейін Бөрібаевтан басқа Әли Әлиев ("Шахтер"), Владимир Мазяр ("Ақжайық"), Арам Восканян ("Атырау") және Сұлтан Әбілдаев ("Қайсар") орындарын босатуы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET