«Тұран» сапында Черногория құрамасының ойыншысы қаралымда жүр

08.03.2021, 20:00
Футболшы өткен жылы Қазақстан құрамасымен болған матчта өнер көрсетті
«Тұран» сапында Черногория құрамасының ойыншысы қаралымда жүр

Черногория құрамасының 29 жастағы жартылай қорғаушысы Бранислав Янкович "Тұран" клубында қаралымда жүр, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Футболшының соңғы клубы "Сутьеска" болды, ол бұл клубта үш маусым бойы өнер көрсетті. 92 кездесу өткізіп, 5 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. Янкович бұған дейін "Грбаль", "Рудар" және сербиялық "Чукарички" клубтарында ойнаған.

Бранислав өткен жылдың қараша айында Қазақстан Ұлттық құрамасына қарсы өткен жолдастық ойында бой көрсетті (0:0). Жалпы, Янковичтің Черногория құрамасында өткізген 10 кездесуі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×