"Тұран" командасы футболдан ел біріншілігінің үшінші туры аясында қызылордалық "Қайсармен" кездесті. "Түркістан Аренада" өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.
Қос команда 90 минут бойы қақпадан саңылау таба алмады. Ал 91-минутта "Тұран" клубының шабуылшысы Темірлан Әміров есеп ашты. Бірақ бұл жеңіс голы ретінде тіркелмеді. Себебі 93-минутта Арман Кеңесов шабуылды сәтті аяқтап, таразы басын теңестірді.
Түркістандық клуб бұл ойыннан кейін 2 ұпаймен тоғызыншы орынға көтерілді. Үш турда бір ұпай жинаған "Қайсар" он бірінші орынға жайғасты.
Біздің серіктес: FONBET