«Тұран каптың» болашағы бұлыңғыр

15.06.2020, 23:24
Қазақстанда ішкі біріншіліктің қайта жалғасуын күтіп жүргенде Түркиядан жаңа идеяның шыққанын естідік. Түбі бір түркі тілдес ұлттар арасындағы ортақ турнир жобасы қарастырылып, қоғамның талқысына түсті. Оған «Тұран кубогы» деп атау беріпті.
«Тұран каптың» болашағы бұлыңғыр

Гюркан Теоман негізі саясаттанушы және сол саясатпен айналысатын адам. Дегенімен футбол жарысы жайлы идеясы көпшілікке ұнағаны рас. Халықтар арасындағы ынтымақтастық нығайып, қарым-қатынас күшейеді. Әрі бұл жарыс телекөрсетілім арқылы көп қаржы түсіреді. Сонымен қатар, клубтар бір-бірімен футболшылар алмасады. Таланттарды байқайды. Сосын мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық, әріптестік арта келгеннен кейін Түркі әлемі бірігіп, қайта күшке айналып, ірі одақ екенін айналаға көрсете алатын жағдайға жетеді. Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркменстан және Солтүстік Кипр секілді түркітілдес халықтардың клубтары бір жарысқа қатысып, ұлыстардың бауырмашылдығын арттыра түседі.

«Тұран кубогы» ресми турнир бола ма, жоқ әлде жолдастық жарыс ретінде өте ме әлі белгісіз. Ол үшін жаңа дода ФИФА күнтізбесінен орын алуы қажет. Әлбетте, әзірге ол жайында сөйлеу артық шығар, себебі, жарысты өткізу туралы ойлар тек идея күйінде ғана тұр.

Жалпы баспасөзде бұл жарыстың өтуі туралы ақпараттың өзі көп қызығушылық тудыртты. Көпшілікке футбол тұрғысынан бұл жарыстың қаншалықты пайдасы бар деген ой маза бермейді. Ал идея авторы Теоман мырза бірінші кезекте түркі тектес халықтардың достығын басты назарға қойып отыр. Түркия саяси тұрғыда ықпалды мемлекет екені анық. Соның бірін спорт арқылы да көрсеткісі келетіндей.

Ұымдастыру мәселесі де көптеген сауалдарды тудыртады. Мысалы, футболдағы маусымаралық үзіліс Қазақстан секілді түркітілдес елдерде қыста болады. Ал Түркия футболы керісінше,  үзіліс жаз айларына белгіленген. Сондықтан да, барлығына ұнайтын мезгілді табу қиынға соғады.

Сонымен қатар, түркі елдерінің футболшылар бір-бірінің біріншілігіне барғанда легионер болып саналмасын деген ұсыныс айтылыпты. Ондай болса қазақ аяқдопшылары Түркия, Әзірбайжан секілді елдердің чемпионатында емін-еркін ойнай алады деген сөз. Өздеріңіз білетіндей Еуразиялық ынтымақтастық елдерінің футболшылары осы жылдан бастап легионер болып саналмайтын болды.

Иә, байқағандарыңыздай бұл жарысқа байланысты мәселеде жауаптан гөрі сұрақ басым. «Тұран кап» жарысының болашағы да әзірге бұлыңғыр болып тұрғаны содан. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.977
Ничья
4.015
П2
3.69
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.087
Ничья
14
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×