Тура осыдан екі жыл бұрын 20 мамырда "Барселонаның" аңызы - Андрес Иньеста каталон клубының жейдесіндегі соңғы ойынын өткізген болатын.17 жыл бойы өмірін Блаугранаға арнаған ойыншы 82 минутта алаңнан орнын босатып, капитандық белбеуін Лео Мессиге табыстады. Дәл сол тұста 34 жасар ойыншысы көз жасына ерік бере алмай күллі "Камп Ноудағы" жанкүйерлермен қимастықпен қоштасқан еді. Жүз мыңға жуық фанат "Иньеста, Иньеста, Иньеста" - деп әнге басып, алаңнан шығарып салды.
Сол күні кешке Иньестаның футбол әлеміне аяқ басқан сәттен бастап өткізген, "Камп Ноуда" қимастықпен отқан суреттері біраз жанкүйердің көңіліне мұң ұялатты. Расында өте әсерлі фото. Недегенмен дәл осы стадионның қолдауымен 17 маусымның ішінде 32 трофейді еншісіне жазды емес пе?
Иньестаның есімі араға неше жыл салса да футбол жанкүйерлерінің есінде ұмыт болмайтыны анық. Өзінің орталық алаңдағы ғаламат ойынымен миллиондаған жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөлініп, тарихқа есімін алтын әріппен жазды.
Шерхан Абзалұлы
Біздің серіктес: FONBET