ЦСКА клубының бас бапкері Виктор Гончаренко Ресей премьер лигасының 14-туры аясында «Ростовпен» болған матчта жарақат алған Бахтиер Зайнутдиновтың жағдайы туралы айтты.
«Зайнутдинов басынан соққы алып, біраз уақыт есінен танып қалды. Бірақ қазір дәрігерлер оның өзіне келгенін хабарлады», - деді Гончаренко.
Оқиға ойынның жетінші минутында болды. Зайнутдинов қорғаныстың сол қапталында допты алып қойғысы келген еді, бірақ қарсылас ойыншының тізесі басына тиді. Соқтығысу салдарынан қазақстандық футболшы есінен танып, дәрігерлердің көмегіне зәру болды. Нәтижесінде Зайнутдиновты зембілмен алаңнан алып кетті.
Айта кетейік, Зайнутдинов Қазақстан құрамасының алдағы матчтарына шақырту алған болатын.
Біздің серіктес: FONBET