Трансферлік жаңалықтар

27.06.2019, 17:05
Трансферлік жаңалықтар
Донни Ван де Бек ("Аякстан" - "Реалға") "Marca" газетінің хабарлауынша, "Реал" егер Поль Погбаны сатып ала алмаған жағдайда жас голландиялық футболшыны сатып алуға мүдделі. Бұл трансферге "галактикос" 60 млн.еуро жұмсауы ықтимал. Виссам бен Йеддер ("Севильядан" - "МЮ"-ге). "AS" порталының хабарлауынша, "қызыл сойқандар" франциялық жартылай қорғаушыға қатты қызығушылық танытып отыр. Алайда, МЮ-ден бөлек, ПСЖ да Виссамды сатып алудан дəмелі. "Жарқанаттар" сұранысқа ие 28 жастағы ойыншысын кемі 40 млн. еуродан аз соммаға бермейміз деп отыр. Бруну Фернандеш "Спортингтен" - АПЛ-ға Қазір Лиссабон ұжымының менеджерлері "Тоттенхэм" жəне "МЮ"-мен келіссөздер жүргізіп жатыр. Қос ағылшындық клуб 24 жастағы жартылай қорғаушы үшін 55 млн. еуро жеткілікте деп есептесе, "Спортинг" 70 млн. сұрап отыр. "А Bola" мəліметіне сүйенсек, "Манчестер Юнайтед" бас бапкері Оле-Гуннар Сулшер Брунудың "Олд Траффордта" өнер көрсеткенін қатты қалайды. Костас Манолас ("Ромадан" - "Наполиге"). Жақын күндері 28 жастағы қорғаушы 34 млн. еуроға "Наполи" сапына ауысуы бек мүмкін. Дегенмен, "Рома" бұл трансферден таза 18 млн. Өйткені, қалған соммаға кері бағытта ганалық жартылай қорғаушы Амаду Диавара ауыспақ.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×