УЕФА Тәртіптік комитеті Конференция лигасының 6-шы турындағы «Тоттенхэм» мен «Ренн» арасындағы кейінге шегерілген ойынға қатысты іс қозғайды, деп хабарлайды Sky Sports.
Қос команданың өкілдері матчты өткізу туралы мәмілеге келе алмаған екен.
8 желтоқсанда «Тоттенхэм» коронавирустың өршуіне байланысты матчтың болмайтынын хабарлады. Кейінірек «Ренн» мәлімдеме жасап, лондондық клубтың бұл шешімін УЕФА-ның растамағанын жеткізді. Сондай-ақ, франциялық клуб УЕФА-ға шағым жасауға дайын екендіктерін хабарлады.
«Тоттенхэм» - «Ренн» матчы 9 желтоқсанда өтуі керек еді. Антонио Конте шәкірттері 5 ойында 7 ұпай жинап, G тобында үшінші орынға жайғасқан, ал «Ренн» 11 ұпаймен көш бастап тұр.
Біздің серіктес: FONBET