![«Тоттенхэм» көшбасшысын сатуға дайын](https://aladop.kz./cache/imagine/1200/uploads/post_items/2019/08/07/0879b6fa08dc9db94e7c20923334a7db.jpg)
Көптен күткен трансфер орын алуы бек мүмкін. Кристиан Эриксен осы жаздың соңында клуб ауыстырып қалуы ғажап емес.
Daily Mail басылымның хабарлауынша, «Тоттенхэм» Эриксенді 50 миллион фунт көлеміндегі сомаға жіберуге дайын. Негізінен Лондонның командасы осыған дейін даниялық жартылай қорғаушыны 130 миллион фунтқа ғана сатуға дайын деп хабарлаған болатын. Алайда, бұл сомманы төлеуге ешбір клуб дайын болмай шықты.
"Тоттенхэм" басшыларынв 27 жастағы футболшымен келісім-шарт мерзімін ұзарту мүмкін болмағандықтан, Чемпиондар Лигасының финалистері ойыншыны тегін жіберіп алмау үшін бағасын түсріпті-мыс.
Айта кетсек, бұған дейін Эриксенге Мадридтің «Реалы» мен «Атлетико», «Ювентус» және АПЛ-дегі бірнеше командалар қызығушылық танытқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET