
«Тобылдың» шабуылшысы Давид Энен өзінің мансабы жайлы айтып, кезінде «Шальке 04» клубымен байланысты басынан өткен оқиғасымен бөлісті.
«Бұл клубпен байланысты бір қызық оқиға болды (күледі). Отбасыммен бірге «Шалькенің» базасында болған бір сурет бар. Біз барлығымыз отбасымыз болып, клубтың базасына барған едік. Бүкіл жайт 100 пайызға келісіліп қойған, алайда... Жеке мен өзім бұл трансферді аса қалаған жоқпын. Үйге қайтып келген соң көңіліме бірдеңенің жақпай тұрғанын, өзімді біртүрлі сезінетінімді айтқам.
Бірақ бұл рас оқиға, «Шалькенің» өкілдері тіпті менің фамилиям жазылған футболканы да тарту еткен еді. Ол кезде мен 16-17-де болатын», - деді қостанайлық клубтың футболшысы.
Конголық футболшы былтыр ақпаннан бері «Тобылдың» намысын қорғайды. Былтыр ҚПЛ-дегі 19 матчта 3 гол соғып, 3 ассист берген болатын. Д. Энен «Тобылдан» басқа бельгияның «Кортрейк», «Шарлеруа, францияның «Гренобль» секілді командаларында өнер көрсетті. 2019-жылдан бері Того құрамасының жейдесінде доп тебеді. Ондағы 19 кездесуде 1 рет мергендік танытқан. Футболшының нарықтық бағасы 350 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET