«Тобылдың» Еуропа лигасындағы қарсыласы 16 матч бойы жеңе алмай келеді

01.07.2018, 17:48
«Тобылдың» Еуропа лигасындағы қарсыласы 16 матч бойы жеңе алмай келеді
Қостанайлық «Тобылдың» Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы грузиялық «Самтредиа» ұлттық чемпионатта сәлсіз өнер көрсетуде. 17-турда «Самтредиа» сырт алаңда «Руставиге» 1:2 есебімен есе жіберді. Қонақтар сапынан Интерс Гуй гол соқты. 17 турдан соң «Самтредиа» 9 ұпаймен турнир кестесінде соңғы орында тұр. «Тобылдың» алдағы қарсыласы 16 матч бойы жеңіске жете алмай келеді. Соңғы рет «Самтредиа» 5 наурызда жеңіске жеткен. «Тобыл» мен «Самтредиа» арасындағы алғашқы матч 10 шілдеде Грузияда, қарымта ойын 19 шілдеде Қазақстанда өтеді. Prosports.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×