«Тобылдың» директоры: «Уотфордқа» жарнама жасағаны үшін алғыс айтамыз

14.08.2018, 00:54
«Тобылдың» директоры: «Уотфордқа» жарнама жасағаны үшін алғыс айтамыз
«Тобылдың» директоры Николай Панин өз командасы мен ағылшындық «Уотфордтың» жейделерінің ұқсастығы туралы айтып берді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды. - Біз Adidas компаниясының Қазақстандағы ресми өкіліне шығып, ұқсас жейделер туралы сұрастырдық. Ресми өкіл футбол формасын таңдауды әр клубтың өздерінің шешімі екенін айтты. Сол себепті, біз Англия клубының ойын жейдесінің ұқсастығынан ешқандай кедергі көріп отырған жоқпыз. Бір фирма болғандықтан тауар каталогы да бірдей, сондықтан мұндай кездейсоқтықтар кездесіп тұрады. Біз бұл жаңалықты күткен жоқпыз. «Уотфорд» командасына бізге ойда жоқта жарнама жасағаны үшін алғысымды білдіремін, - деді Панин.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×