"Жетісу" Қазақстан Премьер-лигасының төртінші туры аясында "Тобылмен" кездесті. Талдықорған қаласындағы "Жетісу" стадионында өткен матч 0:2 есебімен қостанайлық клубтың пайдасына шешілді.
Ойынның 25-минутында Алекса Аманович есеп ашты. Ал ойынның нүктесін 74-минутта Элгуджа Лобжанидзе қойды. Осылайша грузиялық шабуылшы қостанайлық клубтағы алғашқы голын соқты.
Сенімді түрде жеңіске жеткен Григорий Бабаян шәкірттері 8 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Бірде-бір ұпайы жоқ "Жетісу" он екінші орында қала берді.
Біздің серіктес: FONBET