"Тобыл" ойыншылары "Пюниктен" 5 миллионға қымбат екен

25.07.2018, 21:01
"Тобыл" ойыншылары "Пюниктен" 5 миллионға қымбат екен
Еуропа Лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарсыластарының ойыншылар құрамының бағасы анықталды. KazFootball.kz сатйының хабарлауынша, Қостанай клубының ойыншыларының жалпы бағасы 10 600 000 еуроны, "Пюник" ФК-ы құрамының құны 5 730 000 еуроны құрайды екен. "Тобылдың" ең қымбат ойыншылары - Грузия құрамасының ойыншысы Джаба Канкава (1 000 000 еуро) және аргентиналық шабуылшы Хуан Лескано (800 000 еуро) екен. Армениялық клубтың ең қымбат ойыншысы орталық қорғаушы Максим Жестоков (400 000 еуро) болып шықты. Ойыншылардың бағасы Transfermarkt.de. сайтының деректерінің негізінде жасалған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×