“Тобыл” мен “Ордабасы” арасындағы Суперкубоктің финалдық кездесуі қандай стадионда өтеді?

Аладоп редакциясы қостанайлық “Тобыл” мен шымкенттік “Ордабасы” арасындағы Қазақстан Суперкубогының финалын қабылдайтын “Титаник Мардан” стадионы жайлы аз-кем деректерімен бөліскенді құп көріп отыр.

“Тобыл” мен “Ордабасы” арасындағы Суперкубоктің финалдық кездесуі қандай стадионда өтеді?

Түркияның Анталья қаласында бой көтерген спорттық нысанның құрылысы 2007 жылы басталып, 2008 жылы біткен. 2020 жылы “Титаник Мардан” күрделі жөңдеуден өтіп қалыпқа келтірілген. Стадионның жалпы сыйымдылығы 7428 адам. Бұл спорттық нысан “Антальяспор” командасының жаттығу нысаны екенін айта кетейік. 

Оқиғалар: 

2008 жылы бұл стадионда U-17 құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының 8 ойыны мен финалдық кездесуі өтті.

2012 жылы бұл стадионда қыздар U-19 командалары арасында Еуропа чемпионатының 8 ойыны мен финалдық кездесуі өтті. 

Стадион ұлттық құрамалардың бірталай жолдастық кездесулерін қабылдаған. Біздің ұлттық құрамамызда шет қалмаған.

2015 жыл, 18 ақпан: Қазақстан 1:1 Молдова

2014 жыл, 5 наурыз: Литва 1:1 Қазақстан

2013 жыл, 6 ақпан: Молдавия 1:3 Қазақстан

2021 жылдың 23 қаңтарында стадион “Приштина” мен “Дрита” арасындағы Косово Суперкубогыне талас кездесуін өткізген.

2023 жылдың 21 қаңтарында дәл осы стадионда “Балкани” командасы “Лапи” ұжымын 1:0 есебімен жеңіп, Косово Суперкубогыне қол жеткізді.

Еске салайық, “Тобыл” мен “Ордабасы” арасындағы Суперкубок финалының матчы бүгін елорда уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×