"Тобыл" армениялықтарды қармағына түсірді

27.07.2018, 04:09
"Тобыл" армениялықтарды қармағына түсірді
Биылғы маусымда аяқ астынан Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алған "Тобыл" командасы өз жанкүйерлерін қуантты. Бұл ойында қостанайлық ұжым толықтай ойынды өз бақылауында ұстаса да, алғашқы таймда гол соғу бақыты бұйырмады. Алайда 2-таймда өзгеше тактика ұстанған ''Тобыл'' командасы 49-минутт Максим Фединнің голынан кейін алға шықты. Сол голға сенім артқан қостанайлықтар өз ойынын жоғалтқандай көрінгенімен, 80-минутта жарқ еткен Азат Нұрғалиев таразы басын 2-0 ге жеткізді. 2-голдан кейін босаңсып кеткен Никитенко шәкірттері армениялық ұжымнан 90-минутта гол жіберіп қойды. Енді қос клубтың да келесі кезеңге өту мүмкіндігі, жауапты кездесуде шешілмек.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×