«Астана» 17-ші тур аясында «Таразға» 1:0 есебімен жол берді. Ойын соңында елордалық команданың бас бапкері Андрей Тихонов кездесу туралы пікірімен бөлісті:
- Қазір асығыс қорытынды жасағым келмейді. Бірақ, біз кем дегенде есепті теңестіру үшін қарсылас қақпасына қауіп төндіре алдық. Ойынның біршама бөлігінде допты жақсы бақылауда ұстадық, алайда қарсылас сәтті қорғана білді. Бірінші таймда жіберген жалғыз қателік, қақпамызға соғылған голға алып келді. Өкінішке қарай, біз ротация жасайтын мүмкіндіктен айрылып отырмыз. Сондықтан да команда төрт ойын қатарынан бір құраммен ойнауға мәжбүр. Дегенмен, біз бүгін жеңіліске лайық болмадық.
- Алда құрама командалардың ойынына байланысты үзіліс болады. Осы аралықтағы команданың жоспары қандай?
- Құрамаға бармайтын ойыншылар үйлеріне қайтып, үш күндік демалыс алады, артынша үш күн жекелей жаттығу жұмыстарын жасайды. Барлығы бапкерлер құрамының бақылауында болады. Алматыға қайтып келген соң жұмысты жалғастырамыз. Құрамаға кеткен футболшыларға үлкен жүктеме болайын деп тұр. Олар 15 және 18 қараша күні ойнаса, содан кейін 21, 24, 27 және 30 қараша күндері қайта алаңға шығады. Бұл өте тығыз кесте. Оның үстіне қосалқы құрамға жас футболшылардан басқа ойыншылар таппай отырмыз.
Біздің серіктес: FONBET