Давид Лория алдағы маусымда отандық футболдың телекөрсетілімдерінің сапасы артатынын алға тартты.
Сондай-ақ, ҚФФ вице-президентінің айтуынша, болашақтағы жұмыстар - жанкүйер мен демеушілерді және серіктестерді тартуға бағытталмақ.
«Былтыр жиі дауға ілінген мәселенің бірі матчтардағы трансляцияның сапасы болды. Біз осыған ерекше көңіл бөліп, телекөрсетілімдерді қолжетімді әрі сапалы етуге көп күш саламыз. Бұл өзгерістердің мақсаты көрермен тәжірибесін арттыру ғана емес, қазақстан футболының танымалдылығын көтеріп, жаңа фанаттарды, серіктестер мен демеушілерді тарту», - деді отандық функционер.
Айта кетейік, ҚФФ басшылығының бастамасымен отандық футболда біраз реформаны іске асыру көзделуде. Оның бірінші легі де белгілі болып қалды - еліміздегі футбол додаларын ұйымдастырып, жүйелеуге жауапты ұйым саналатын QFL (Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы) қысқартуға ұшырамақ.
Біздің серіктес: FONBET