“Тараз” өз талантты жастарымен мақтанады

QJ League турнирінің U-18 санатында өнер көрсететін “Тараз” командасы жастарының аяқ алысы жаман емес. 11-тур қорытындысы бойынша Анатолий Бельский шәкірттері турнирлік кестеде 2 орында келеді. Ойыны жүйелі ұжым өз алдына тек азулы “Қайрат” академиясының футболшыларын жіберіп алған. 

“Тараз” өз талантты жастарымен мақтанады

QJ League турнирі бірінші кезекте өңірлердегі футбол академиялардың тартысы деп білемін. Ал бұл таласта “Тараздың” әрқашанда айтары бар. Қазақстанда футбол қалыптасып, танымал спортқа айналғаннан бері тарихы терең шаһар ел аузынан әлі күнге дейін түспей келе жатқан футболшыларды баптап келді. Неліктен “Тараздың” аладоп аламанына аңсары ауған жастары көп? Бұған себеп, өңірдің футболға деген махаббаты және ең бастысы - бәсекелестік. “Тараз” ФК академиясының жас санатындағы қандай командасын алсаңызда, бақ таластық жоғары деңгейде. Мысалы бір командаға шабуылшы болып барсаңыз, онда осы позицияда өнер көрсеткісі келген 3-4 аяқдопшымен бәсекелес болуыңызға тура келеді. Осындай жүйеге төтеп беріп, команда қалудағы зор ықыласын көрсете білген жас талант қана бапкердің сеніміне кіре алады. Міне сондықтанда “Тараздың” жас футболшылары турнирлерде қарымды қарсылас ретінде саналады. Бір ғана U-18 санатындағы командасын бөліп қарастырайықшы. QJ League турнирінің аталмыш ұжымы жеңілістің кермек дәмін көрмегелі қатарынан бес ойын болды. Осындай нәтижелерден кейін команда дәл қазіргі сәтте турнирлік кестеде 2 орында келеді. Көш басында ультразаманауи академиялық нысандарымен мақтана алатын “Қайрат” тұр. Оңтүстік ұжым алматылық клубтан әзірге 10 ұпай қалық. Бельский баптайтын команда маусым соңына қарай чемпион бола алмасада жаңа есім қалыптастыра алатын жағдайда. Еске салсақ, Тумир Турловтың бастауымен шымылдығы түрілген жарыстың алғашқы бөлігінде дәл осы “Тараздың” Димаш Серікұлы атты түлегі MVP болған болатын. Содан кейін шабуылшы кипрлік “Красава” командасына ауысуға дейін барды. Алайда футболшының трансфері соңына дейін бармай аяқсыз қалды. Димаш “Тараздың” негізгі командасына шақыртылды. Қазір ол Бірінші Лигада өнер көрсетіп жүр. Мәселен осыдан бірер күн бұрын QJ League турнирінің жұлдызды ойыншыларынан құралған құрам сербиялық “Црвена Звезда” академиясына қарсы тұрды. Ол команданың сапында “Тараз” ойыншысы Азизжон Бердиев доп тепті. 8 ойында 7 гол соққан Нұрдәулет Орынбасарда серб жігіттеріне қарсы тұруы керек еді. Алайда жарақатына байланысты вингер матчты қосалқы құрамда тамашалады. “Тараздың” жастар командасы осы жігіттердің жарқын болашағына сенеді. Негізі команданың турнирде сәтте өнер көрсетуіне бүтіндей бір ұжымның үлесі зор екенін алға тартқанымыз жөн. “Таразда” арқа сүйер командаластары болмағанда, біз ерекше атап өткен Азизжон мен Нұрдәулет жарқын ойынымен көзге түсе алар ма еді. Сол себептен қақпашыдан бастап, шабуылшыға дейін алаңда орналасқан әр ойыншының еңбегін елемей қалу қателік шығар. Қалай салыстырып қарасақта, “Тараздың” академиясы үнемі мықтылар қатарында. Осыны негізге алған жаңа басшылық ілкімді істің басын бастау үшін команда ардагерлерімен кездесу өткізіп үлгерді. Георгий Хутиди бастаған “Тараз” футболына еңбегі сіңген азаматтар клубтың баспасөз-орталығында жиналып, басшы Әлімбек Жұмабаев пен ұжым директоры Нүркен Мәзбаевтың ұсынып отырған жобасын тыңдап қайтты. Келелі кездесу барысында “Тараз” командасына УЕФА стандарттарына сай стадион салу және академия жастары үшін манеж құрылысын бастау жайында сөз қозғалды. Айта кетейік, Жамбыл ұжымының қазіргі Орталық стадионы 12 мың адамды құшақ жая қарсы ала алады. Кезінде “Тараз” еурокубокте өнер көрсететін кезде аталған спорттық нысан стандартқа сай болмай, команда басты турнирлерден шет қалған болатын. Кей кездері маңызды ойындарда стадион трибуналары толып, іштегі атмосфера керемет күйге енетін. Онымен қоса, “Таразда” футболшыларды алға жетелейтін фанаттық топтар легі қалыптасып келе жатқаны көз қуантуда. Негізгі командамен қоса, жастарды да қолдаусыз қалдырмайтын “Taraz” және “Aulie-Ata Fans” жаңа стадион жайлы жаңалықты естіген сәтте қолдаушылар легін арттыру жұмыстарын жасауды мақсат ететіндерін жасырмады. Сәтін салып, басшылықтың көздегені орындалса, жастарға арналып академияда манеж салынса, онымен қоса жаңа стадион бой көтерсе “Тараз” футболының болашағы елімізде ең таңдаулы деген “Қайраттыкінен” басым болатыны сөзсіз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Италии. Серия А
12.24
Интер
Комо
00.45
П1
1.363
Ничья
5.64
П2
9.55
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.396
Ничья
3.82
П2
2.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.089
Ничья
13.6
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685

Тегтер:

Тараз
Aladop Youtube
×