«Тараз» бен «Тобылдың» экс-футболшысы «Тұранға» ауысты

14.03.2022, 21:36
Футболшы кезінде «Ливерпуль» сапында доп тепкен.
«Тараз» бен «Тобылдың» экс-футболшысы «Тұранға» ауысты

Гвинея-Бусау құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Сильва «Тұранмен» келісім-шартқа отырды. Бұл туралы түркістандық клубтың ресми сайты хабарлады.

28 жастағы ойыншы бала кезінен Португалияда өмір сүрді. Алғашқы кәсіби келісім-шартын Англияның «Ливерпуль» командасымен жасасты. Артынша Болгария, Грекия, ОАР, Түркия, Сауд Арабиясы мен Румынияда өнер көрсетті.

2020 жылы Тони Сильва «Таразбен» келісім-шартқа отырды. Жамбылдық команда сапында 17 матч өткізіп, 4 гол соқты. Өткен маусымда «Тобылмен» бірге ел чемпионы атанды. Кезінде «Бенфика», «Челси» және «Ливерпуль» жастар командасында доп тепкен. Гвинея-Бисау құрамасында 14 матчқа қатысып, 2 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×