Танымал вайнер: "Егер "Қайрат" Еуропа лигасының 3-іріктеу кезеңіне шыға алмаса, шашымды сары түске бояймын"

01.08.2019, 16:44
Танымал вайнер: "Егер "Қайрат" Еуропа лигасының 3-іріктеу кезеңіне шыға алмаса, шашымды сары түске бояймын"

Еліміздегі танымал ваннерлердің бірі Мейіржан Төребаев "Қайрат" - Хапоэль (Беэр-Шева) арасындағы қарымта кездесу алдында қызықты үндеу жариялады. Ол өзінің инстаграмдағы парақшасында Мен егер "Қайрат" Еуропа лигасының 3-іріктеу кезеңіне шыға алмаса, шашымды сарыға бояймын. Сондықтан, 1 тамыз күні бәріміз Орталық стадионға жиналып, командамызды қызу қолдайық. Мен шашымды бояғым келмейді" -деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, "Қайрат" 2-іріктеу кезеңі аясында бірінші ойында Беэр-Шева қаласының "Хапоэель" командасына түзде 2:0 есебімен ұтылып қалған еді. Енді келесі раундқа жолдама алу үшін Алматы командасы кемі 3:0 есебімен жеңіске жетуі тиіс.

Шамкен Байырбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×