
Отандық танымал маман Болат Есмағамбетов ҚПЛ-дің бірінші турындағы «Астана» - «Қайрат» кездесуінде доп тепкен Қазақстан құрамасының ойыншыларының өнерін бағалады.
Сондай-ақ, ардагер бапкер Дастан Сәтпаевты ұлттық команда қатарына шақыру мүмкіндігін тілге тиек еткен болатын.
«Екінші таймда «Қайрат» белсеніп, ойынның көркі қыза түсті. Дастан Сәтпаевтың голы соғылған сәтте «Астананың» қорғанысы өзара келісімсіз қимылдаған еді. Жақын бұрышқа бағытталатын соққы – бұл ең алдымен қақпашының қателігі. Жалпы бұл бәсекедегі ұлттық құраманың ойыншылары Сейсен мен Вороговский өте төмен дәрежеде өнер көрсеткен. Ал Дастан Сәтпаевқа Қазақстан құрамасының жейдесін киетіндей мүмкіндік беру керек», - деді ардагер.
Айта кетейік, «Астана Аренада» болған бәсекеде Дастан Сәтпаев алаңға бірінші тайм барысында шығып, 69-минутта мергендік танытты. Бұл 16 жасар шабуылшының ҚПЛ-дегі дебюттік голы.
Біздің серіктес: FONBET