Тамыз айының үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

09.09.2020, 21:46
Вагнер Лав «Ордабасы» қақпасына дубль жасап, бір голдық паспен көзге түскен еді.
Тамыз айының үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы әдеттегідей Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін командалардың бас бапкерлері арасында сауалнама жүргізіп, тамыз айындағы ел біріншілігінің үздік футболшысы мен бапкерін анықтады, деп хабарлайды "Қайраттың" баспасөз қызметі. 

"Тамыздың үздік футболшысы" атағы "Қайраттың" шабуылшысы Вагер Лавқа бұйырыпты. Ол 14 ұпай жинаған. 

Ал үздік бапкер атағы "Қайраттың" тізгінін ұстап жүрген Алексей Шпилевскийге берілген. Бұл маманға он бапкер дауыс беріпті. 

Еске салайық, "Қайрат" 38 жастағы Лавтың команда қатарына қосылғаны туралы 8 шілде күні хабарлады. Ол алматалық клуб сапында үш кездесу өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. 

32 жастағы Шпилевский болса 2018 жылдың қараша айынан бері "Қайратты" жаттықтырып келеді. 

Биыл клуб 18 ұпай жинап, әзірге Қазақстан Премьер лигасында көш бастап келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×