Талғат Байсуфинов: «Бұл жолдастық кездесу болғандықтан, қосалқы құрамдағы ойыншыларды тексеріп алуға жақсы мүмкіндік болды»

05.06.2021, 06:28
Талғат Маруаұлы бүгінгі матчтағы қателіктермен жұмыс істейтінін айтты.
Талғат Байсуфинов: «Бұл жолдастық кездесу болғандықтан, қосалқы құрамдағы ойыншыларды тексеріп алуға жақсы мүмкіндік болды»

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Солтүстік Македонияға қарсы өткен матчтан (4:0) кейінгі баспасөз мәслихатында тілшілер қойған сауалдарға жауап берді:

- Бүгінгі ойында алаңға қосалқы құрамнан алмасып шыққан футболшылардың ойынына қандай баға бересіз және матч барысында жалпы қандай қателіктер болды?

- Ия, бүгінгі өткен жолдастық кездесуде көптеген ойыншылар өздерін көрсетуге мүмкіндік алды. Бұдан кейін де осындай жолдастық матчтарда жаңа футболшылар бақтарын сынап көреді деп ойлаймын. Бұл біз үшін өте жақсы ойын және үлкен тәжірибе болды. Ал Солтүстік Македония құрамасы өте керемет ойын өрнегін көрсетті, оларды жеңісімен құттықтаймын.

Әрине, нәтиже біздің көңілімізден шықпады. Келесі матчтарда бұдан да жақсы ойнаймыз деп үміттенемін. Бұл жолдастық кездесу болғандықтан, қосалқы құрамдағы ойыншыларды тексеріп алуға жақсы мүмкіндік болды.

Алаңның ортасында көптеген қателіктер болды. Алдағы уақытта осы қателіктерді түзеу үшін жұмыс істейтін боламыз.

- Қазақстан құрамасы Франция және Украинаға қарсы ойнады. Олар да алдағы Еуропа чемпионатына қатысқалы жатыр. Осы Украина құрамасының ойыншылары жайлы не ойлайсыз? Мұны сұраған себебім - олар Солтүстік Македониямен бір топта ойнайтын болады.

- Әлем чемпиондары Франциямен болған матчқа тоқталмай-ақ қояйын. Украинаға қарсы матчта орын алған мәселелерге осы жолы да қайта тап болдық. Украинаның ойын стилі Солтүстік Македониядан қатты ерекшелене қоймайды. Қос команда да қарсы шабуылда керемет ойнайды және шебер әрі жылдам ойыншылары көп. Біз үшін де Еуропа чемпионатының қатысушысына қарсы ойнаған қызық болды. Иә, ірі есеппен жеңілдік. Бірақ мұның өзіндік себептері бар. Біріншіден, біздің команданың маңызды ойыншылары бұл ойынға қатыспады. Одан бөлек, ұлттық құрамаға жаңа ойыншылар шақыртылды. Біз жасаған шабуылдарымызды сәтті аяқтай алмадық. Осы жағынан біраз қиындықтар болды.

Солтүстік Македония мен Украина құрамасының ұқсас тұстары көп. Қос командада да жеке шеберлігі жоғары ойыншылар көп, ардагер ойыншыларының капитан екенін де айта кеткен жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Aladop Youtube
×