Тағы да тең түсеміз бе?

Бүгін Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы екінші кездесуін өткізеді.
Тағы да тең түсеміз бе?

Жалпы Ұлттар лигасы жарысының тарихында Қазақстан құрамасы ерекше орын алатын команда. Жарыстың ең алғашқы тарихи матчын Қазақстан құрамасы өз алаңында өткізіп бастап берген еді. Құрлықтық доданың алғашқы ойынында Қазақстан Грузиямен кездесті. Енді міне, жарыстың екінші маусымында отандастарымыз жақсы нәтиже көрсете бастады. Алғашқы матчта олар Литва құрамасынан басым түсті. Бақтиер Зайнутдинов пен Исламбек Қуаттар гол салды. Ал енді бұл жолы не болады? Белорусь құрамасы рейтинг жағынан бізден биік.

Ойыншылары Еуропа чемпионаттарында ойнап үйреніскен, іріктеу жарыстарында тәжірибиесі мол ұжым. Алайда, соңғы жылдары бұл елдің құрамасы қарқынынан айырылып қалды. Өз тобында соңғы орындарға жайғасып, сенімді жеңістер тіркей алмады. Қазір, Еуропаның алпауыт чемпионаттарында ойнайтын футболшылары да жоқ. Негізгі қорғаушылары Қазақстан чемпионатында нәпақа тауып жүр. Мысалы, Никита Наумов деген қорғаушы талдықорғанның "Жетісуында" өнер көрсетеді. Одан бөлек те, Лебедев, Поляков, Каршакевич секілді ойыншылары ҚПЛ клубтарының сапында жүр. Бұрындары Кутузов, Радионов, Глеб секілді футболшылары Германия, Италия, Англия чемпионаттарында ойнайтын. 

Ойын алдында бас бапкер Михаил Мархель "Қазақстан құрамасы қазір күшті. Футболшылары жақсы клубтарда ойнайды. Өз алаңында матч өткізгелі тұр. Сондықтан олар ойынның фавориті" дегенге келтіріпті. Бірақ, бұл бапкер шамасы "арық айтып, семіз шыққысы" келгендей. Әлбетте Албания құрамасынан жеңіліп қалғаннан кейін олар осы матчта ұпай алғысы келеді. Ең болмаса тең нәтиже. Бірақ, Қазақстан құрамасының да анық фаворит емес екендігін айтайық. Оның себептері көп. Себебі, құрамамыздың негізгі ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов Литваға қарсы өткен матчта жарақат алып қалды. Ол бүгін алаңға шығатын ойыншылардың тізімінде жоқ. Яғни, негізгі құрамға ілінбеді, десе де екінші таймда алмасып кіруі ықтимал. Сосын, Исламбек Қуат қазір клубсыз жүр. Оның ресми матч ойнамағанына 2 ай болды. Бауыржан Исламхан да солай. Біріккен Араб Әмірліктерінің біріншілігі әлі басталмады.

Қазақстан премьер-лигасының үзіліп, қайта жалғасып берекесі кеткенін ескерсек, көптеген футболшыларымыз қазір нағыз бабында емес. Дегенімен, Ян Вораговский, Абат Айымбетов, Айбол Әбікен секілді мықты ойыншыларға сенім артамыз. Қазақстан құрамасы Белорусь ұжымымен қаншама рет кездессе де, әлі жеңіп көрмеген. Бәлкім бүгін сол статистиканың мұрты бұзылар...

Ермұхамед Мәулен

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.396
Ничья
3.82
П2
2.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.75
Ничья
3.895
П2
1.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.161
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×