Тағы да талан-тараж?

04.01.2023, 00:07
Футбол клубтарына бөлінетін қаржы сол күйі қалды. Бірақ бұл дұрыс па?
Тағы да талан-тараж?

ҚР Спорт және мәдениет министрі Дәурен Абаев осы жуырда клубтарға бөлінетін қаржыға байланысты мәлімдеме жасады.

-       1,2 млрд теңге шектеуі сол күйі қала береді. Қарызы бар командалардың өздері кінәлі. Бұл клубтарда демек, менеджмент мәселесі ақсап тұр деген сөз. Қымбат тұратын легионерлерді шақырудың не керегі бар. Ақшаны дұрыс есептеп жарата алмағанның салдарынан олар қарызға кірген. Басқа спорттардағы клубтарға осындай қаржы берсеңіз олар қарызға кірмейді. Футбол саласындағылар да осыны үйренуі тиіс» деді министр.

Көп жылдар бойы талқыға түсіп, футболға бөлінетін қаржыны азайту жайлы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза айтқан еді. 1,2 млрд шектеуін де сол кісінің пәрменімен іске асырдық. Алайда, осы қаржының өзінде үнемдеп жұрыс жарата алмай жүрген клубтар бар. Мысалы, «Ордабасы», «Тараз», «Қайсар», «Шахтер», «Каспий» секілді командалар өткен маусымда қарызға кіріп, футболшыларына жалақы жеткізе алмай қалған кездер болды. Көптеген командаларда футболшыларға беретін жалақы қоры 25-70 миллион теңгенің шамасын құрайды. Сонда шамамен 250-300 миллион теңге көлеміндегі қаржы тек қана жалақыға кетіп жатыр деген сөз. Біз бұл жерге «Ақтөбе», «Астана» немесе «Тобыл» секілді ауқатты клубтарды қосып отырғанымыз жоқ. Олардың қаржылары бірнеше миллиардпен есептелетіндіктен өзге өңірдің клубтары секілді емес.

Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізудің өзі де оңай шаруа емес. Маусым басында авиабилет пен қонақүйдің қаржысының өзі көп командаға салмақ түсіреді. Үш апталық жиынның өзі 25-30 миллион теңге шамасында қаржыны талап етеді. Мұндай жиынның екеуін өткізген тұста клуб бюджетінің 100-150 миллионы дайындыққа кетеді дей беріңіз. Ең аз есеппен талқыласақ 150 миллион дайындыққа, жыл бойындағы жалақыға 500 миллион теңге жұмсалады. 650 миллион теңге дегеніңіз клуб бюджетінің тең жартысы. Енді одан кейінгі шығындарды есептеңіз. Чемпионатқа қатысу жарнасы – 50 миллион. Қазақстан кбуогы мен ішкі біріншілік ойындарына бару мәселесі. Яғни, Қазақстан ішінде бір-қаладан бір қалаға жетудің өзі де қыруар қаржы кетіреді. Оны да шамалап есептесек сыртта өтетін 20-ға жуық кездесуге барудың өзі 40 миллион теңге. Жататын қонақүйдің өзі 60 миллион. Сонымен 800 миллион теңге осылайша көз алдымызда жұмсалып отыр. Дәл осындай сомамен Орал қаласының «Ақжайық» командасы бір маусым бойы өнер көрсетіп келді. Осы қаржыны олар түгел бір маусымға жеткізді. Оның үстіне олар Қазақстан кубогының финалына дейін жетті. Қалған 400 миллион теңгесі бар клубтар сонда не істеді деген ой келіп отырған да шығар? Әлбетте әр клубта балалар футбол орталығы деген бар. Оның да бюджеттері әртүрлі келеді. Балалар футболына көп бөлді дегеннің өзінде көп клубтар 300-350 миллон теңге бөледі. Оның әлбетте барлығы әділ түрде бөлініп, дұрыс жұмсалды дегенге сену қиын. Көп клубтың басшылары дәл осы балалар футболына кеткен ақшадан көп қаржы жымқыратынын сезіп жүрміз. Өйткені орталықтағы 400-500 балаға киім алдырту, оларды жарысқа жіберу кезіндегі құжаттарды жалған сандармен толтырып есеп-фактура толтыруды екінің бірі меңгергені қашан!

Демек, басты мәселе бұл жерде футболшыларға төленетін жалақыда болып тұр. Бюджеттің 50 пайызы соған кетіп жатқанын байқап отырсыздар. Командада бапкерлік штабпен қоса есептегенде таза спорттық ұжымда 40-45 адам болады. 26-28 футболшы, бапкерлік штабтағы 6 адам, олардың көмекші әкімшілік тобы 6 (әкімші, массажисттер, дәрігер) адам. Спорт директоры мен клуб директорын қоссақ шамамен 45 болады. Бұл өзгелерден көбірек жалақы алатын негізгі қызметкерлер. Осы 45 адамның 30-ы 500 мың теңгеден жалақы алатын болса 15 миллионға қысқартып, қалған 10 адамға 1,8 миллион теңгеден жалақы беруге болады. Ол 18 миллион теңге. Яғни, командаға 2 миллион теңге жалақы алатын сапалы легионерлер алуға болады деген сөз. Сонда жалақы қорын 38 миллион теңгеге дейін үнемдеуге болады. Бұл дегеніміз бір жылға 450 миллион теңгені құрайды. Әлбетте біз бұл жерде өзге әкімшілік қызметкерлердің жалақысын есептеп отырған жоқпыз. Себебі, көптеген легионерлермен 7-8 айлық келісімшарттар жасалады.

Шығар қорытынды – 800 миллион теңгеге бір маусым бойы кілең легинерлермен ойнап шыққан «Ақжайықтың» еш қарызсыз маусымды аяқтағанын байқадық. Біздің есеп бойынша мемлекеттен бөлінетін осыншама сома футбол клубына жетеді екен. Егер өзге де шығындар мәселесі болса клуб менеджменті тығырықтан шығатын жол іздейді. Демеуші табады, жанкүйерлерді стадионға шақырып билет сатады немесе фан-дүкен ашып маркетинг саласына бас ұрады. Қымбат легионерлер саны азайған соң, жергілікті футбол мектептерінен талантты ойыншылар іздей бастайды. Біздің дәл қазіргі жағдайымызда футбол клубтарына бөлінетін қаржы азайған сайын, клубтарымыз даму жолына түскен секілді көрінеді.

Футбол инфроқұрылымы реттеліп, футболымыз іштей тазаланып, жергілікті жастар мүмкіндік алып жатса бұл құптарлық іс екені айдан анық. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×