Елордалық СДЮСШОР 8 футбол клубы Бірінші лигаға қатысудан бас тартуы мүмкін, дпп хабарлайды журналист әрі инсайдер Айдын Қожахмет.
Айдын мырзаның хабарлауынша, командада қаржыландыру жүйесі бойынша қиындықтар туындады: СДЮСШОР өз мәртебесі бойынша кәсіби клуб емес, балалар мен жасөспірімдер мектебі болып табылады. Ал әкімдіктен балаларға бөлінген ақша тек кәсіби топтың қажеттілігіне жұмсалады екен.
Қазіргі уақытта СДЮСШОР 8 командасының Бірінші лигаға қатысу мүмкіндігі 50%-ды құрап отыр. Өткен аптада Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне "Алтай" клубынан Бірінші лигаға қатыспайтындығы туралы хат келген болатын.
Біздің серіктес: FONBET