
Мәскеудің ЦСКА-сында доп тебетін өзбекстандық футболшы Аббосбек Файзуллаев мюнхендік «Бавария» сапына ауысуы ықтимал.
Бұл ақпаратты футболшының өзі «Чемпионат» порталына берген сұхбатында растаған болатын.
«Олар менің агенттеріммен байланысқа шығып, қызығушылық танытқаны рас. Нақты бірер мәселені сұраған еді. Бірақ, мен бұл жайтқа салқынқанды қараймын, себебі, байланысқа шығу мен келісімшартқа қол қою деген екі бөлек дүние», - деді өзбекстандық футболшы.
Файзуллаевтың өзі «Бавариядан» кетары емес екенін жасырған жоқ. Десе де, дәл қазір нақты ұсыныс болмағандықтан, бар күш-жігерін мәскеулік клубтың мүддесіне салатынын айтып отыр.
Жалпы, Аббосбек Файзуллаев бала кезінен «Барселонаның» жанкүйері екенін және сол клубта ойнауды армандайтынын да жасырған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Аббосбек Файзуллаев ЦСКА-ға 2023 жылы ауысып келді. Осы уақыт аралығында мәскеулік клуб сапында 55 матч өткізген.
Біздің серіктес: FONBET