Сутьеска-Астана: 1-ші таймнан кейін «Астана» жеңіп жатыр

19.07.2018, 05:52
Сутьеска-Астана: 1-ші таймнан кейін «Астана» жеңіп жатыр
Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің Сутьеска-Астана кездесуінің 1-ші таймынан кейін елордалықтар 1:0 есебімен жеңіп жатыр. Ойынның 38-ші минутында астаналық шабуылшы Деспотович есеп ашты. Шабуылдың оң қапталында допты жеңіп алған Маевский паспен Мужиковты табады, Мужиков айып алаңының оң бұрышынан кіре берістен шабуылшыға әдемі пас береді. Өз кезегінде Деспотович өте әдемі гол сала алды. Допты қақпаға терісінен тұрып қабылдаған шабуылшы екінші жанасуымен бұрыла сол аяғымен алыс бұрышты дәл көздеді. "Астана" кездесуге төмендегідей құраммен шыққан: Эрич, Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер, Мужиков, Деспотович, Томасов, Маевский, Постников, Мұртазаев, Шомко.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×