
Бүгін Қазақстан Суперкубогін сарапқа салатын қос ұжым бір-бірін жете танып алған.
«Астана Аренада» болатын бәсекеде екі клубтың сапында да қарама-қарсы командада доп тепкен Еркебұлан Сейдахмет пен Элдер Сантана сынды ойыншылар өнер көрсетпек.
Бұдан басқа да қызықты жайттар жетерлік. Алматылық және ақтөбелік клуб жалпы екеуара 76-рет кездескен. Оның 34-де «Қайрат» үстем болса, «Ақтөбе» 31 матчты ұтты. Тағы 11 матч тең аяқталған. Ең ірі есепті «Қайрат» тіркеді - 7:1. Ал «Ақтөбенің» ойсырата жеңген ойыны 4:1-мен аяқталған болатын.
Жалпы, екі команда арасындағы 76 кездесуде алматылықтар 127 гол соқса, қарсыласы 94 доп салған. Кубоктік ойындардағы таразы басы «Ақтөбенің» жағында - 4 жеңіс. Екі кездесуді «Қайрат» ұтып, тағы екі бәсеке тең аяқталған еді.
Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» - «Ақтөбе» кездесуі 15:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET