Ағылшын Премьер-лигасының 30-турының орталық кездесуі Лондонда өтті. Әйгілі "Эмирейтсте" "Манчестер Юнайтедті" жергілікті "Арсенал" қабылдап, 2:0 есебімен тізе бүктірді. Қос команда бір-біріне шабуылдар өткізіп ойын бойынша тең ойнағанымен, сәттілік алаң иелерінің жағында болды. Джака мен Обамеянгтың голдары Эмеридің шәкірттеріне жеңіс сыйлады. Осы жеңісінен соң лондондықтар турнирлік кестенің 4-ші орнына көтерілсе, тиісінше "қызыл сойқандар" 5-ші орынға сырғыды. Сонымен қатар Сульшердің келуімен лигада жеңіліп көрмеген "Манчестер Юнайтед" биылғы жылы алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты.
Руслан Мералиев