Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2020 жылдың қорытындысы бойынша OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының үздік қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаевты, үздік шабуылшысы Вагнер Лавты және үздік бас бапкері Алексей Шпилевскийді марапаттады.
Вагнер Лав өткен маусымда 7 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды. Ал Ғафуржан Сүйімбаев 8 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.
Өткен жылдың үздіктеріне жүлделерді OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының 3-турындағы «Қайрат» - «Тараз» ойынының алдында ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев табыстады.
Біздің серіктес: FONBET