УЕФА Чемпиондар лигасының 1-ші іріктеу кезеңінің алғашқы матчы аясында қазақстандық маман Владимир Чебурин баптайтын литвалық "Судува" өз алаңында Кипр чемпионы АПОЭЛ-ді 3:1 есебімен жеңді.
Тағы бір айта кететін жайт, бұл ойында "Судува" сапында бұрын Қазақстан чемпионатында доп тепкен ойыншыларда алаңда ойнады. Олар: бұрынғы "Қайрат" ойыншысы Жерсон Асеведо мен бұрынғы "Шахтер" ойыншысы Михрет Топчагич.