«Стяуа» Еуропа лигасының матчына 12 ойыншымен қатыспақ, оның үшеуі қақпашы

24.09.2020, 02:34
Матчты кейінге қалдыруы мүмкін немесе техникалық жеңіліс жазылады.
«Стяуа» Еуропа лигасының матчына 12 ойыншымен қатыспақ, оның үшеуі қақпашы

Румыниялық "Стяуа" матчқа бір күн қалғанда аз ойыншымен қалды, деп жазды журналист Эмануэль Рошу өзінің твиттер парақшасында.

Қазіргі уақытта Румыниялық команда сапында тек тоғыз ойыншы және үш қақпашы коронавирус сынағынан сүрінбей өткен. Яғни, бұл футболшыларда аурудың белгілері байқалмаған. Бүгін оларға басқа клубқа жалға кеткен қорғаушы қайта қосылады. "Стяуа" бүгін тағы бір ойыншымен келісімшартқа отыруы керек, өйткені УЕФА матч күніне дейін өтінімді екі рет өзгертуге мүмкіндік береді.

Ертең, 24 қыркүйекте «Стяуа» Еуропа лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында «Слован» (Чехия) клубына қарсы ойнайды. Матч Румыниядағы "Марин Анастасовичи" стадионында өтеді, кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 23:30-да басталады. Кездесуге Әзірбайжаннан Алияр Агаев бастаған төрешілер тобы қызмет етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×