Стойчо Младенов: "Шабуыл қорғаныстан басталатынын ұмыттық"

17.06.2019, 04:28
Стойчо Младенов: "Шабуыл қорғаныстан басталатынын ұмыттық"
ҚПЛ-дің 14 туры аясында Қызылорданың "Қайсары" түзде "Астанадан" 4:1 ұтылды.  Матчтан кейін Сыр өңірінен келген ұжымның бас бапкері баспасөз жиынында бұлай ойсырай ұтылып қалуын былай түсіндірді: "Бүгін менің командамнан екі үлкен мəселені байқадым. Біріншіден, бұл ойында біз қорғаныста өте сылбыр ойын көрсеттік. Ал шабуылдың барлығы қорғаныс арқылы басталады. Міне, осыдан біз қауіпті шабуылдар жасай алмадық. Екіншіден, футболшыларымның дайындығы көңілдегідей болмай тұр. Бұған үзіліс себеп болды деп айта алмаймын. Неге десеңіздер, біз ұдайы жаттығу жұмыстарын жүргізіп отырдық. Енді ойынды қайта қарап қателіктермен жұмыс істеу керек".

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×