Стас Покатилов Әзербайжан Кубогінің жартылай финалына шықты

28.02.2025, 10:50

Қазақстан құрамасының қақпашысы «Сабах» командасымен Әзербайжан Кубогінің ширек финалында «Сумгайтқа» қарсы кездесуде өнер көрсетіп, шеберлігін паш етті.

Стас Покатилов Әзербайжан Кубогінің жартылай финалына шықты
Стас Покатилов

Бұл бәсекеде Стас Покатилов алаңға алғашқы минуттардан шығып, ойынды соңына дейін өткізді. Енді «Сабах» Әзербайжан Кубогінің жартылай финалында «Кяпаз» - «Нефтчи» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Стас Покатилов осы трансферлік терезеде Әзербайжан біріншілігіне ауысты. Сол аралықтан бері «Сабах» сапында үш кездесуде өнер көрсетті. Қақпашы осыған дейін «Тобыл», «Ақтөбе», «Қайрат», «Шахтер», «Ақжайық» және Ресейдің «Ростов» клубында өнер көрсеткен еді. Стас Покатилов қазір ұлттық құраманың бірінші нөмірлі қақпашысы саналады.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×