Стас Покатилов: Әзербайжан біріншілігінің деңгейі Қазақстан чемпионатынан кішкене ғана жоғары

25.02.2025, 13:02

«Әзербайжан» чемпионатында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов екі елдің футболын салыстырды.

Стас Покатилов: Әзербайжан біріншілігінің деңгейі Қазақстан чемпионатынан кішкене ғана жоғары
Стас Покатилов

«Әзербайжан біріншілігінің деңгейі Қазақстан чемпионатынан кішкене ғана жоғары. Бұл жерде стадиондар жақсы. Қазақстанда негізінен күшке бағытталған футбол болса, Әзербайжанда – техникалық жағынан жетілген деуге болады», - деді С. Покатилов.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қақпашысы қаңтардан бастап «Сабах» клубының намысын қорғайды. Отандасымыз «Сабах» сапында «Сумгайтқа» қарсы кездесуде алаңға шығып, қақпасын голдан аман сақтап қалды. Бұл Әзербайжан кубогының ширек финалының аясындағы ойын болатын. Командалар енді қарымта кездесуін аядың аяғында 27-ақпанда өткізбек. Ол осыған дейін «Тобыл», «Ақтөбе», «Қайрат», «Шахтер», «Ақжайық» және Ресейдің «Ростов» клубында өнер көрсеткен еді. Стас Покатилов қазір ұлттық құраманың бірінші нөмірлі қақпашысы саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×