
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Әзербайжан чемпионатының 25-туры аясындағы «Сабах» - «Араз-Нахчыван» матчында өнер көрсетті.
Отандасымыз алаң иелерінің сапында бірінші минуттардан алаңға шығып, толық 90 минут бойы доп тепкен. Қонақтардың бірінші голы қызық жағдайда соғылды – «Араз-Нахчыван» шабуылшысы тепкен доп «Сабах» қорғаушысына тиіп барып қақпаға енген болатын. Ал кездесудің өзі 2:2 есебімен тең аяқталды.
Стас Покатилов осы трансферлік терезеде Әзербайжан біріншілігіне ауысты. Сол аралықтан бері «Сабах» сапында төрт кездесуде өнер көрсеткен. Қақпашы осыған дейін «Тобыл», «Ақтөбе», «Қайрат», «Шахтер», «Ақжайық» және Ресейдің «Ростов» клубының намысын қорғаған болатын. Стас Покатилов қазір ұлттық құраманың бірінші нөмірлі қақпашысы саналады.
Біздің серіктес: FONBET